Алексей Ни: «Қандай құраммен барсақ та, Риода еліміздің әнұранын шырқатамыз»

Күллі әлемді шарпыған допинг дауы бізге де жетіп, спортшыларымыздың санасына салмақ түсірді. Алдымен медальдан үміткер Жасұлан мен Алмасты спорттан алыстатты. Кейін 2012 жылы Лондон Олимпиадасын жеңген төрт зілтеміршіміз де допинг қолданды деген айыппен ауыр атлетикадан шеттетілмек.

«Рио Олимпиадасына 4 жыл бойы дайындалдық. Жарыс тура тақалғанда осындай жағдай болып отыр. Енді шешімді күтеміз, бірақ жаттығуды тоқтатпаймыз. Соңына дейін күресеміз», - дейді Лондон Олимпиадасының чемпионы Майя Манеза.

«Қол қусырып қарап қалатын біз емес. Біздер қандай құраммен барсақ та бәрібір медаль алуға тырысамыз. Әнұранымызды шырқатуға ұмтыламыз», - деді ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері Алексей Ни.

Ауыр атлеттердің мәселесі әлі толық шешілмеді. Соған қарамастан чемпиондарымыз дайындықтарын тоқтатқан жоқ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или