IBF Олимпиадаға қатысатын кәсіпқой боксшыларды жазалайды

Халықаралық бокс Федерациясы (IBF) Олимпиадаға қатысатын кәсіпқой боксшыларды чемпииондық атағынан айырып, бір жылға рейтингтен алып тастайды. Бұл туралы Р-Спорт IBF баспасөз қызметінде хабарлады.

Халықаралық әуесқой бокс ассоциациясы (AIBA) кәсіпқой боксшылардың Олимпиада ойындарына қатысуына рұқсат берген болатын. Бұған дейін WBA бұл шешімге қарсы тұрып, рейтингтегі үздік 15 боксшылардың қатарына кіретін кәсіпқойларға Олимпиада ойындарына қатсыуына мүмкіндік бермейтіндігін айтқан.

IBF бұл шешімді дәрігерлермен кеңескеннен кейін қабылдаған. Дәрігерлердің шешімі бойынша дәрежелердің айырмашылығына байланысты әуесқой боксшылардың денсаулығына зиян келу қауіпі бар.

«Бұл шешімді қабылдау қиынға соқпады. Біз үшін кәсіпқой бокс шеберлерінің әуесқой боксшылармен рингкке шығуындағы ең басты мәселе олардың денсаулығы. Себебі, біздің ұйымның басты мақсаты боксшылардың денсаулығы мен олардың әлеуетінің жоғарлауы. Кәсіпқой боксшылардың Олимпиада ойындарына қатысуы спортқа жат қылық деп бағаланып, чемпиондық атағынан айырылады және ұйымның рейтингінен бір жылға аластатылады», - деп айтты IBF басшысы Дэри Пиплс.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или