Эдди Хирн: «Головкин қыркүйек айында Юбэнкпен жұдырықтасса еш таң қалмаңыздар»

Британиялық промоутер Эдди Хирн Крис Юбэнк пен қазақстандық Геннадий Головкин арасындағы кездесуді міндетті түрде ұйымдастыратынын айтты.

«Соңғы күндері Головкин-Юбэнк кездесуін ұйымдастыру жөнінде келіссөздер жүргізудеміз. Әзірге келісімшартқа қол қоймасақ та, бұл жекпе-жектің болатынына сенімдіміз. Бұл кездесу қыркүйек айында ұйымдастырылып жатса еш таң қалмаңыздар», - деді британиялық промоутер.

Бірақ ол үшін алдымен Юбэнк маусымның 25-і, жергілікті боксшы Том Доранды жеңуі қажет.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или