«Альварес Кличкомен жекпе-жекке шығуға дайын. Тек Головкинмен емес», - Хоэль Диас
<p style="text-align: justify;">
<strong>Танымал кубалық бапкер Хоэль Диас алдағы уақытта болуы мүмкін Головкин мен Альверестің жекпе-жегі жайлы айтып өтті деп хабарлайды vesti.kz fighthup ақпарат құралына сілтеме жасап.</strong></p>
<p>
«Альварес Головкинмен жекпе-жекке шықпайды. Ол оның шешімі емес. Сауль нағыз ержүрек боксшы. Ол кез-келген боксшымен шығуға дайын. Тіпті Кличкомен де. Оның командасы бар. Команда шешім шығарады. Сол себепті Головкинмен жекпе-жек болмайды. Ол орта салмақта кездесу өткізгізі келмейді. Сол себепті де белдікті босатты. Тіпті Альварес орта салмақта чемпион болса да 160 фунтта шаршы алаңға шыққысы келеді. Дәл сондай жағдай Головкинмен де болған. Уордпен жекпе-жекке шықпады. Бұл бизнес. Генадиймен жекпе-жек тек уақыты келгенде және қажетті көлемде ақша табуға болатын кезде ғана болуы мүмкін. Головкин Альвареске шынымен көп қиындық тудыруы мүмкін. Себебі ол үлкендеу әрі соққысы да мығым», - деді Х.Диас.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или