«Тек Ресейде ғана Емельяненкоға осындай жекпе-жекте жеңіс бере алады», - Харитонов
<p style="text-align: justify;">
<strong>Танымал ресейлік жекпе-жек шебері Сергей Харитонов Федор Емельяненконың жеңісі жайлы өз ойымен бөлісті деп хабарлайды vesti.kz sports.ru сайтына сілтеме жасап.</strong></p>
<p style="text-align: justify;">
«Төрешілердің шешімімен келіспеймін. Бұл жекпе-жекте ең кемі тең нәтиже болу керек еді. Дұрысы тең түсті деп шешім шығарып, кейін қарымта кездесу өткізу керек болатын. Бірақ бұның бәрі Федордың атына кір келтірмейді. Оның жеңіске құштарлығы мен ұмтылысы құрметке лайық. Ол не үшін ешқашан берілмеу керектігін көрсете алды», - деді Харитонов.</p>
<p style="text-align: justify;">
Естеріңізге сала кетейік, бразилиялық Фабио Мальдонадо бірінші раундтан Емельяненконы соққының астына алған болатын. Федор екінші раундтан өзіне келіп, жекпе-жекті жалғастырды. Кездесу соңында төрешілер жеңісті Емельяненкоға берген болатын. </p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или