Илья Ильин Рио Олимпиадасына бапкер ретінде баруы мүмкін

Бұл туралы Facebook-тағы парақшасында журналист Ержан Байтілес жазады.

"Бокстың тілімен айтсақ, бұл белден төмен жасалған соққы болды. Спорт алаңында жеңе алмағасын, осылай лаң салып жатыр. Тұтас Қазақстан халқының қолдауын сезініп отырмыз. Елбасы да ерекше қамқорлығын көрсетуде. Дəл қазір нақты бірдеңе айту қиын. Бірақ Рио Олимпиадасына спортшы ретінде қатыса алмасам, онда бапкер ретінде қатысамын. Менің тұтас командам бар екенін білесіздер. Олар тынымсыз еңбек етіп жатыр. Міне, осы команда елімізге уəде еткен алтын медальдің бəрін əкеледі. Өз басым өмірге өте сергек қараймын. Қазір жасым 28-де ғана. Төрт жылдан кейінгі Олимпиада кезінде де жерге қарап қалмаспын. Ең басты айтқым келетіні мынау: мен ешкімді алдаған жоқпын. Осы жетістіктің барлығына маңдай тер, қажырлы еңбегімнің арқасында жеттім. Жаттығу кезінде жанымды аямадым. Мұрнымнан қан кеткенше жаттықтым. Соңғы кездері адам баласының түсіне кірмеген салмақтарды көтеріп жүр едім. Жаттығу кезінде əлемдік рекордты 15 келі салмаққа жаңартып тастағанмын. Екі ғана мүмкіндікпен бүкіл қарсыласымды қапыда қалдыратын жағдайға жеткенмін. Спорттық бəсекеде тоқтата алмағандар, осылайша тосқауыл болғысы келген екен. Мұны да көріп алайық",- дейді Илья.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или