Бас бапкер Алексей Ни допинг дауына қатысты пікірін айтты

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері Алексей Ни төрт ауыратлеттің қанынан допинг табылғаны жайлы хабарға пікір білдірді.

Нидің айтуынша, ол допингтің анықталғаны жайлы хабарды кеше таң ертең естіген. "Мен үшін бұл күтпеген жаңалық болды. Лондон Олимпиадасы тарихқа айналды ғой, бір жарым айдан кейін біз Олимпиада ойындарына аттанғалы отырғанбыз, кеше осындай дау шықты... Допинг-сынамаларды жыл басында емес, Риоға тура екі ай қалғанда қайта тексере бастағаны алаңдатады. Менде көп сұрақ туындап отыр. Неліктен дәл осындай мерзім? Спортшылар кінәсіздігін дәлелдеп үлгермесін деді ме, апелляцияға беріп үлгермесін деді ме?Соған қарағанда алдағы Олимпиадада кімнің қалай өнер көрсететініне болжам жасалған", - деді Алексей Ни.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или