Емельяненко салмақ өлшеу рәсімінде Мальдонадодан ауырлау тартты
<p style="text-align: justify;">
<strong>Ресейлік аралас жекпе-жек шебері Федор Емельяненко мен бразилиялық Фабио Мальданадо салмақ өлшеу рәсіміне қатысты деп хабарлайды vesti.kz "Р-спорт-қа" сілтеме жасап. </strong></p>
<p style="text-align: justify;">
Мальдонадо 104,75 келі болса, Емельяненко 105,95 келі тартты. Екеуі 17 маусым күні Санкт-Петербургкте өтетін Fight Nights Global 50 турнирінде жекпе-жекке шығады. </p>
<p style="text-align: justify;">
Естеріңізге сала кетейік, Аралас жекпе-жектен (ММА) Pride FC тұжырымы бойынша төрт дүркін әлем чемпионы Федор Емельяненко 2015 жылдың 31 желтоқсанында спорттық мансабын қайта жалғастыруға шешім қабылдаған болатын. Емельяненконың соңғы жекпе-жегі осыдан 4 жыл бұрын өткен екен. </p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или