Серік Сәпиев: «Ильяның допинг қабылдағынына сенбеймін»
<p style="text-align: justify;">
<strong>Лондон Олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиев допинг дауы жайыл өз ойымен бөлісті деп хабарлайды vesti.kz.</strong></p>
<p style="text-align: justify;">
- Мен Ильяның допинг қабылдады дегеніне сенбеймін. WADA өткен Олимпиададан 500 сынаманы тексеріп көрді. Біздің спортшылар допинг қабылдауы мүмкін деген шешім шығым жатыр. Бірақ Ильяның допинг қабылдауы мүмкін дегенге өз басым сенбеймін. Оны осы қиын кезеңде қолдаймын. Антидопингтік агенттік дұрыс шешім қабылдап, Ильин ақталып шығады деп сенемін. Біз 2005 жылдан бері таныспыз. Бір жылда әлем чемпионы болдық, Адам ретінде де, спортшы ретінде де жақсы білемін. Қолдау көрсетемін.</p>
<p style="text-align: justify;">
- Қазіргі допингті анықтау құралдары бұрындары қолданған допингті де тауып алады. Мүмкін білмей қолданып қойғандары да сынамада шығады. Мүмкін кей спорт өкілдері осылай болашақ чемпиондардың жолын байлап, өз спортшыларына жол ашуы мүмкін,- деді Серік Сәпиев. </p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или