Ресми: Төрт Олимпиада чемпионымыз допингте ұсталды

Ресми: Төрт Олимпиада чемпионымыз допингте ұсталды

Лондондағы Олимпиада чемпиондарымыз Илья Ильин, Зульфия Чиншанло, Светлана  Подобедова мен Майя Манезаның допинг қолданғаны расталды.

Бұл туралы Халықаралық ауыр атлетика Федерациясының ресми сайты (IWF) хабарлады.

Допинг-тестілеуінің «Б» сынамасы төрт спортшымыздың допинг қолданғанын растады. IWF-тің мәлімдеуінше, қазақстандық спортшылардың қанынан тиым салынған дәрумендер табылды: Светлана Подобедова - (S1.1 Анаболик); Майа Манеза - (S1.1 Анаболик) Stanozolol 3. Илья Ильин - Dehydrochloromethyltestosterone, Станозолол (S1.1 анаболик) 4. Зульфия Чиншанло - Оксандролон, Станозолол (S1.1 анаболик).

Осылайша, төрт зілтеміршіміз допинг ісі аяқталғанша уақытша спорттан шеттетілді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или