WADA Ресейді Олимпиадаға қатыстырғысы келмейді, ал біз сол ойынның құрбанымыз

WADA Ресейді Олимпиадаға  қатыстырғысы келмейді, ал біз сол ойынның құрбанымыз

Олимпиада чемпионы Ольга Шишигина допингтің кесірінен туындаған дау жайлы TengriNews.kz сайтына пікір білдірді.

Ольга Шишигина спортыларымыздан табылған станазолол ағзаның қайта қалпына келуіне, оның ішінде жүрек бұлшық еттеріне көмектесіні жайлы айтып өтті.

- Станазололды жақында ғана қолдануға болмайтын заттардың қатарына қосты. Біздің спортшыларымызды екі жыл дисквалификацияға ұшырау қауіпі күтіп тұр. Менен де станазололды тапқан кезде екі жылға спорттан шегерген болатын. Менің ойымша саяси ойын жүріп жатыр. WADA ресейлік команданы Олимпиадаға қатыстырғысы келмейді. Ал біз тек ресейліктерді ғана шегеру үлкен дау болатындықтан құрбан болып кеттік.

- Негізінде допинг спортшылардың денсаулығына көп зиян келтірмейді. Біз де адамбыз ғой. Өзімізді қалай да емдеу керекпіз. Ал фармацевтика орнында тұрмайды. Ол да дамиды. Ал біз оның бәрін бақылап үлгермейміз. Тиым салынған дәрілердің тізімі күн сайын өзгеріп, жаңарып, толығып отырады. Бір допинг дәрісіне бірнеше мың тиым салынған заттардың болуы мүмкін. Егер сіз тиым салынған заттардың тізімін ашсаңыз шошып кетер едіңіз. Бізге ештеңе қолдануға болмайды. Бізге тіпті нафтизин мен галозалин, ауырғанды басатын дәрілерді де қолдануға болмайды, - деді Ольга Шишигина.

Естеріңізге сала кетейік, біздің төрт ауыр алтлетшіміздің сынамалары оң нәтиже көрсетіп, уақытша жарыстардан шеттетілген болатын. Оларға қатысты соңғы шешім 27 маусым шығады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или