Илья Ильин Рио Олимпиадасына дайындығын жалғастырмақ

Илья Ильин Рио Олимпиадасына дайындығын жалғастырмақ

Төрт дүркін әлем, екі дүркін Олимпиада чемпионы Илья Ильин соңғы жағымсыз жаңалықтарға қарамастан Олимпиадаға дайындығын жалғастыратынын айтты. Соңғы жағдайға байланысты өз ойын жеке парақшасында білдірді.

- Мен бұл жаңалықты естігенде ашық аспанда бұлт үйірілгендей күй кештім. Халықаралық ауыр атлетика Федерациясының заңы бойынша мен туралы барлық ақпарат ADAMS жүйесінде сақталған. Ол жерде менің өмірім сағат бойынша жазылып тұр. Мен Антидопингтік агенттіктерге ашықпын. Осы жылы екі мәрте допинг текерістен өттім. Оның бірі Польшадағы оқу-жаттығу жұмыстары кезінде, екіншісі Алматыда.

Өздеріңіз білетіндей бірде бір халықаралық спорт жарысы допинг-тексеріссіз өтпейді. Мен де барлық спортшылар секілді допинг-тексерістен өтемін. 2004 жылдан бері менің нәтижелерім теріс болды. Мен ештеңеге қарамастан Олимпиада ойындарына дайындықты жалғастырамын. Спорт басшылары осы мәселеге кірісіп кетті. Маусымның соңына дейін нәтиже шығуы керек. Шілденің ортасына дейін Олимпиадаға тіркелуіме уақыт болады.

Қандай шешім шықса да, мен сіздердің мынаны білгендеріңізді қалаймын.

Мен спорттық мансабымдағы 20 жылды спортзалда өткіздім. Күніне 3 мәрте қан мен тер төгіп, ауырсынуларға қарамастан жаттығу жасадым. Мен әрқашан елім мен халықтың алдында жауапкершілікті сезініп, әрқашан тек жеңіске ғана ұмтылдым. сіздер мені қуанышта да, қайғыда да қолдадыңыздар. Осы жолы да мені қолдаңыздар! - деп жазыпты Илья Ильин Instagram парақшасына.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или