Америка қаһарманы атағына лайық боксшы - Головкин

Америка қаһарманы атағына лайық боксшы - Головкин

Кәсіпқой бокстың отаны АҚШ елінде талантты әрі шебер боксшыларды бірден таниды.

Мұхаммед Әли, Джо Фрейзер, Шугар Рэй Леонард, Майк Тайсон, Флойд Мэйвезер... Бұл аңызға айналған боксшылардың бәрі америкалықтар. Ал өзге елден АҚШ-та бокс жұлдызына айналған боксшылар шамалы. Бұл тізімге британиялық Лэннокс Льюис, филиппиндік Мэнни Пакьяо, панамалық Роберто Дюран, мексикалық Хулио Сезар Чавесті жатқызуға болады. Сондай-ақ, қазіргі таңда мексикалық Сауль Альварес пен біздің отандасымыз Геннадий Головкинде бұл атаққа жақындап келеді.

Геннадий Головкин мен Майк Тайсон

Негізі, бұрынғы Кеңес одағы мемлекеттерінен кәсіпқой бокста нағыз жетістікке жеткен Костя Цзю мен ағайынды Кличколар ғана. Филиппиндік Мэнни Пакьяоның қартайғанына байланысты америкалық бокс сүйер қауым өзіне жаңа «кумир» іздеуде. Бұл – біздің Геннадий Головкин. Оның мықтылығын әрі шеберлігін мыңдаған бокс жанкүйерлері мен бокс сарапшылары мойындауда. Флойд Мэйвезер мен ағайынды Кличколардың сылбыр жұдырықтасу стилінен жалыққан бокс жанкүйерлері үшін Геннадий Головкин – гауһар тас сияқты. Қазақстандық боксшы әр кездесуін нокаутпен аяқтауға тырысады. Бұған қоса, жерлесіміз әдемі бокс стилін көрсетіп, нағыз драмаға толы шоу көрсетеді. Яғни, бокс жанкүйерлерін қанағаттандырғысы келеді. Бұл «Трипл Джидің» нағыз ұтымды жағы. Көптеген бокс сарапшылары Головкинді Майк Тайсонның жас кезіндегі өнерімен салыстырады. Салыстыратын жөні де бар – Геннадий Тайсонның нокауттар сериясы бойынша рекордын жаңартқан. Генаның тағы бір ұтымды жағы – бұл оның ешкімнен ұтылмауы. Иә, Головкин соңғы рет 2004-ші жылғы Олимпиада ойындарында ресейлік боксшы Гайдарбек Гайдарбековтан жеңілген болатын. Содан бері он төрт жыл өтті, Геннадийді әлі ешкім жеңе алмады. Алдағы уақытта оны ұтатын боксшы да көрінбейді. Орта салмақ дәрежесінде мұндай боксшы әлі жоқ. Көп мақтаған Сауль Альварестің өзі де Генамен жұдырықтасуға асықпайды. Әлі де кездеспейтін сияқты. Мұны оның промоутері Оскар Де ла Хойя және бапкері де түсініп отыр.

«Голливуд» жұлдыздары Джейк Джилленхол мен Майкл Б. Джордан Геннадий Головкинді сүйікті боксшы деп атаған.  Бұған дейін Қазақ елі «Боратпен» аты шықса, енді жұрт «GGG»-дің арқасында Қазақстанның қандай мемлекет екенін түсінуде. НВО арнасы тіпті Головкиннен екінші «Пакьяоны» жасамақшы. Сол мақсатта қазіргі таңда Генаның туған жері Қарағанды қаласының Майқұдық ауданында арнайы бейнесюжет түсіріліп жатыр. Сонымен қатар, келесі жылы Астанада Геннадийнің қатысуымен үлкен бокс кеші ұйымдастырылуы мүмкін. Бұл – Головкиннің арманы. Бұған дейін қазақстандық боксшы кәсіпқой рингте тек бір кездесуін ғана өз отанында өткізген.

«Голливуд» жұлдызы Джейк Джилленхол мен Геннадий Головкин

Қазіргі таңда, Головкин бокс әлемінде өте танымал. Нағыз орта салмақтың «патшасына» айналған жерлесіміз абсолютті чемпион атағын мақсат қойып отыр. Ол үшін Генаға WBO белбеуі қажет. Қазіргі таңда, бұл чемпиондық атақ – британиялық Билли Джо Сондерсте. Соңғысы Головкинмен қомақты қаржы ұсынылса ғана жұдырықтасатынын айтты. Головкин қазір өз елінде жүр. Ал оның промоутері Том Леффлер Оскар Де ла Хойямен әлі де келіссөздер жүргізуде. Ондағы мақсат – Головкин-Альварес кездесуін ұйымдастыру. Кері жағдайда, Головкинмен британиялық былғары қолғап шебері Крис Юбенк жұдырықтасуы ықтимал. Головкиннің келесі жекпе-жегі жайлы нақты ақпараттар келесі айдың басында ғана жариялатын сияқты. Демек, бұл уақытқа дейін әлі талай жалған ақпараттар оқимыз. Юбенк, Альварес, Сондерс, Джейкобс, Рамирес... Әрқайсысы Генаның келесі қарсыласы болуы мүмкін.

Дайындаған: Қайсар ОҚАС

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или