Владимир Седов: «Алексей Ни чемпиондардың тағдырына балта шапты»

2009 жылғы әлем чемпионы Владимир Седовтың айтуынша, Лондон Олимпиадасында алтын медаль алған төрт зілтеміршінің допинг дауына ілігуіне Қазақстанның ауыр атлетикадан бас бапкері Алексей Ни кінәлі.

Бүгін Олимпиада чемпиондары Илья Ильин, Зүлфия Чиншанло, Майя Манеза және Светлана Подобедованың жарыстардан шеттетілгені хабарланған еді. Қайта тексерудің қорытындысында төрт ауыратлеттің де станозолол қолданғаны, ал Ильин мен Чиншанлоның қосымша тағы екі препарат қолданғаны анықталған.

«Бүгін біздің еліміз үшін және әлем үшін ауыр атлетикада қайғылы күн, олардың барлығы жақсы адамдар, бірақ осындай қиын тағдыр болды. Илья, Зүлфия, Мая және Света менің жүрегімде чемпиондар және солай болып қала береді. Алексей Геннадьевич, бұл сіздің жұмысыңыздың нәтижесі, сіз олардың тағдырына балта шаптыңыз», - деп жазды Седов Instagram желісіндегі өз парақшасында.

Естеріңізге сала кетейік, маусым айының басында шетелдік БАҚ қазақстандық ауыратлеттердің қанынан допинг табылғаны жөнінде хабарлаған болатын. Олардың мәліметінше, Илья Ильин мен Зүлфия Чиншанло алдағы Олимпиада ойындарына қатыса алмауы мүмкін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или