Төрт зілтеміршіміз уақытша жарыстардан шеттетілді

Төрт зілтеміршіміз уақытша жарыстардан шеттетілді

Лондонда өткен 2012 жылғы Олимпиада ойындарында ауыр атлетикадан чемпион атанған қазақстандық спортшылардың допинг-тесті қайта тексеріліп, ол оң нәтиже көрсетті.

BNews.kz ақпараттық порталының мәлімдеуінше, 2012 жылы Лондондағы Олимпиада ойындары үшін алынған сынамаларға сәйкес, Әзербайжан, Беларусь, Қазақстан, Ресей және Украинаның он спортшысының допинг-тесті оң нәтиже көрсеткен.

Жарыстан шеттетілген спортшылардың қатарында қазақстандық төрт спортшы бар – Илья Ильин, Зүлфия Чиншанло, Светлана Подобедова және Майя Манеза.

Қосымша жасалған сынама төрт спортшыда да - станозол, ал Ильинде бұған қоса дегидрохлорометилтестостерон және Чиншанлода оксандролон барын анықтап отыр.

«Аталған сынамалардың нәтижелеріне сәйкес IWF спортшылардың ісін қарау аяқталғанша оларды жарыстардан уақытша шектеуге мәжбүр және олимпиадалық медальдарынан айыру мәселесін қарастырады», – делінген IWF ресми сайтында.

Сондай-ақ спортшылардың допинг-тестінің нәтижелері қосымша қарау үшін Бейжіңге жөнелтілетіні айтылған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или