Назым Қызайбайдың жеке бапкерін ҚБФ-ның бапкерлер кеңесінен шығарды

Назым Қызайбайдың жеке бапкерін ҚБФ-ның бапкерлер кеңесінен шығарды
<p style="text-align: justify;"> <strong>Екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбайдың жеке бапкерін ҚБФ-ның бапкерлер бір жылға кеңесінен шығарып тастады. ҚБФ мен AIBA қарамағындағы жарыс не басқа да шараларға қатысуына тиым салынды деп хабарлайды vesti.kz.</strong></p> <p style="text-align: justify;"> Бұл шешім 15 маусым күні, Астана қаласында өткен Қазақстан бокс Федерациясының отырысында қабылданған. Осындай жаза алуының себебі, Астанадағы әлем чемпионатынан кейін Жұмабек Өмірзақовтың Астанадағы әлем біріншілігінде &laquo;жаман&raquo; нәрселердің орын алып, біздің спортшы қыздарымызға ашық көмектескені жайлы айтқанының кесірінен.&nbsp;</p> <p> &laquo;Біз сол сұхбаттың жарыққа шыққанынан кейін, Жұмабек Өмірзақовқа айтқан сөздеріне дәлел келтіруін сұрадық. Дәлел болмаса сөзін қайтып алып, кешірім сұрауын өтіндік. Алайда бізге ешқандай дәлел келтіре алмады. Түсініңіз біз бұдан да ауыр жаза қолдана алатын едік. Отырыс кезінде бізде 4 түрлі жаза түрі сарапқа салынды. Оның бірі жала жапқаны үшін қылмыстық жазаның да қолдануы бар еді. Назым Қызайбай ендігі құраманың бас бапкерімен жаттығу жасайтын болады. Оның жетістікке жеткені ең алдымен өзінің арқасында. Тынбай еңбек ететін спортшы қызымыз жеке бапкерінсіз де жетістікке жете алады. Біздің Федерацияның да көмегі көп тиді. Дәрігерлік, бапкерлік құрам. Бәрі спортшы қыздарымыздың өзін жақсы сезінуі үшін еңбек етті. Біз Астанада жүлде алған қыздарымызбен мақтанамыз&raquo;,- деді бокстан мемлекеттік бапкер Болат Әбдірахманов.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или