Батыржан Жүкембаев шаршы аланға 7-ші шілде күні оралады
<p style="text-align: justify;">
<strong>Қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыржан Жүкембаев келесі жекпе-жегін Канаданың Монреаль қаласында өткізеді.</strong></p>
<p style="text-align: justify;">
Жерлесіміз мексикалық былғары қолғап шебері Рэнди Лозаномен (10-9-2, 7КО) жұдырықтасады. Кездесу бірінші жартылай орта салмақ дәрежесінде өтеді.</p>
<p style="text-align: justify;">
Естеріңізге сала кетсек, бұның алдында 25-жастағы қазақстандық боксшы үш жекпе-жек өткізіп, барлығында нокаутпен жеңіске жеткен болатын.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или