«Нидің әділетсіздігіне қарсы тұрған тек Храпатый болатын» - Седов

Влдаимир Седов құрама бапкері Ни спортшылардың бағын байлайтынын айтып өтіп, Ни бапкердің әділетсіздігімен тек Олимпиада чемпионы, уақытынан бұрын дүниеден озған Анатолий Храпатыйдың күрескенін айтады.

«Ни бапкердің әділетсіздігімен соңына дейік күрескен тек Анатолий Храпатый болатын. Бірақ ол қазір жанымызда жоқ. Жатқан жеріңіз жайлы болсын, Анатолий Михайлович», - деп жеке парақшасына жазған болатын.

Келесі постына:

«Мен неліктен осының барлығын instagram желісіне салып отырмын? Себебі ауыр атлетикада Серік Қонақбаев пен Юрий Цхай секілді тұлғалар жоқ. Тек осы екеуіне ғана әр боксшы келмесе де, әлем чемпионын тыңдай алатынына сенімдімін. Ауыр атлетикада тек А.Г. Ни ғана бар. Ол өзінің қызметтік бабын пайдаланып өзге бапкерлерді қорқытады, спортшылардың ашуына тиеді, пәтер рәсімдейді, шет елден спортшы алдырады және Федерация тек соның айтқанын істейді. Өзіне жеке команда жасақтаған жас Илья Ильиннен басқа ештеңе жоқ. Менің артымда шындық бар, мен соңына дейін күресемін. Мен көп ауыр атлетшінің бірі болсам да, сізге менің тағдырымды шешуге жол бермеймін, А.Г. Ни. Сіз онсызда қанша спортшының бағын байладыңыз», - деп айтқан болатын Седов.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан чемпионатындағы даудан кейін Владимир Седов өзінің жеке парақшасында отандық ауыр атлетика жайлы посттарды жазуды бастаған болатын

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или