Ирландиялық боксшы Головкиннің белдіктерін тартып алмақ

Орта салмақтағы ирландиялық боксшы Джейсон Куигли болашақта әлем чемпионы Генадий Головкинмен кездесуді қалайтынын айтты деп хабарлайды vesti.kz The Irish news-ке сілтеме жасап. Сонымен қатар Джейсон Сауль Альвареспен де жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты.

«Мен және Головкин Croke Park алаңында. Жанкүйерлерге лықа толатын еді. Ол менің арманым және сол арманымды орындаймын», - деді Джейсон.

«Олар әлем чемпиондары, ал мен әзірге екеуіне қарап жүрген, болашағынан үміт күттіретін жас боксшымын. Мен кәсіпқой бокске бір-екі кездесу өтікізіп, ақша табу үшін келген жоқпын. Мен кәсіпқой боксе үздік болу үшін келдім. Мүмкін болса барлық белдікті ұтамын. Альварес пен Головкинге қарсы кездесу өткізгім келеді. Бірақ қазір емес. Мен тек 11-ші жекпе-жегім мен алғашқы 10 раундтық кездесуімді өткіздім. Менің үйренерім көп. Бірақ болашақта мен осы екі жігітпен кездесіп, олардың белдіктерін тартып алғым келеді»- деді Джейсон Куиглу.

Айта кетейік, Джейсон Куигли 11 кездесудің бәрінде жеңіске жетіп, 9-ын уақытынан бұрын аяқтаған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или