Қазақстандық Виталий Худяков Рио Олимпиадасына жолдама алды
<p style="text-align: justify;">
<strong>Португалияның Сетбул қаласында ашық суда жүзуден 10 шақырымдық марафон мəресіне жетті. Әлемнің ең мықты спортшылары бақ сынаған Рио Олимпиадасына іріктеу турнирінде қазақстандық жүзуші Виталий Худяков бүкіләлемдік жарысқа лицензия ұтып алды.</strong></p>
<p style="text-align: justify;">
ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, ерлер арасындағы үздік нəтижені Виталий Худяков көрсетті. Спортшы 24-орынға ие болып, Азия құрлығы мемлекеттері арасында жоғары нəтиже көрсетіп, құрлықтық лицензияны ұтып алды. Тағы бір отандасымыз Кенесары Кененбаев 61 спортшының ішінде 50-орын алды. Əйелдер арасында отандасымыз Ксения Романчук 48 спортшының ішінде 41-орын алды.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или