Владимир Седов допинг дауы жөнінде: «Жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайды»

Зілтемірші Владимир Седов қазақстандық ауыр атлеттердің допинг-сынақтары оң нәтиже беруі жайлы ақпаратқа қатысты өз ойымен бөлісті.

«Олимпиада чемпиондарының допингке қатысты желсөздері расталса, осындай жас талантты ауыр атлеттердің жағдайы не болады? Олардың жоғары білімдері жоқ, олардың көбі бала кезінен ауыр атлетикамен айналысып келеді. Әр қайсысының спортта өз армандары бар, біреулері, тіпті, Олимпиада чемпионы болуды мақсат қылып жүр.

Допингке қатысты 2006, 2013, 2015 және биылғы даулар... әрине, жел тұрмаса шөптің басы қимылдамайды. Иә, мен этникалық қазақ емеспін. Бірақ мен осында тудым және өз Отанымды жақсы көремін, Олимпиада ойындарында Қазақстанның намысын қорғауға дайынмын. Иә, өмірде және мансабымда әділетсіздіктер болды. Бірақ қазақ жерінде маған адам ретінде көмектескен жандар көп болды», - деп жазды Седов әлеуметтік желіде.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или