Седовтың хронологиясы: Зілтемірші бізге не айта алмай жүр?!

Ауыр атлетикадан 2009 жылы әлем чемпионы болған Владимир Седов инстаграм парақшасында сәтсіздіктеріне себеп болған жағдайларды жазды. Соңғы өткен Қазақстан чемпионатында Владимир Седов зілтемірді көтеруге Александр Ивановтың суреті бейнеленген жейдені киіп шығып: «Міне, нағыз Олимпиада чемпионы!» - деп залдан шығып кеткен болатын.

Илья, менімен күш сынаспасаң – қорқақсың!

Владимир өзінің спорттағы сәтсіздіктері үшін Ильяны «кінәлі» деп тапты. «Ильин, сен менің спорттық мансабымды неге аяқтадың?»- деп жазса, кейіннен Седов тағы бір даулы хабарлама жасады. Видео хабарламада : «Мен 2009 жылғы әлем чемпионы Владимир Седов екі дүркін Олимпиада чемпионы Илья Ильинді менімен жарысуға шақырамын. Токиода өтетін Олимпиада ойындарында, 94 келі салмақ дәрежесінде менімен сайысқа шық. Мен дүйсенбіге дейін жауап күтемін. Егер сен жауап бермесең қорқақ боласың», - деді.

Алексей Ни Қазақстан чемпионатынан кейін Седов Олимпиадаға бармайды деп кесіп айтқан болатын. Бірақ Седов келісе қоймаған секілді. Парақшасында Олимпиадаға дайындалып жатқан бейне жазбалары мен суреттерін жариялап, тіпті Токиаға да қамданатынын білдірді. Допинг дауы бет қаратпай тұрғанда азамат ретінде Седов дұрыс жасай қоймады. Өзіне жанкүйер қауымды да қарсы қойып алған. Қалай дегенмен жеңіліс көрмеген Олимпиада чемпионы Ильинді біздің елде өте сыйлайды. Седов Ильинге қызғанышпен қарайтындай елестеді.

Токиаға дейін кім бар, кім жоқ? Риоға ашылған жолды өзі жапқан Седовтың бұл ісін өкініш дейміз бе, жылдар бойы тұйық жігіттің ішінде сақталған «жан айқай» ма? Не десек те, құптарлық қылық емес.

Олимпиадалық арман

Седов өз парақшасына Пекинде өткен Олимпиада ойындары жайлы айтып өтті: «Мен ол кезде Олимпиадаға жақсы дайындықпен келу үшін салмақ ауыстыруды білмейтінмін. Олимпиадаға бапкерлер 2-4 орынды жоспарлаған болатын. Жұлқа көтеру кезеңі жақсы өтті. Нәтиже 170-175-180. Ал серпе көтеруде бірінші мүмкіндіктен 200 келіні көтердім. Екінші мүмкіндікке 205 келіге тапсырыс беруін сұрадым. Бірақ бапкерлер қолаға таласқысы келіп, 203 келіге тапсырыс берді. Мен көтере алмадым. Менің миымда 205 келі салмақ тұрды. (Арманымды ешкімге жеткізбей бұғып қалдым. 205 келіге тапсырыс беруді сұрағанымда мені ешкім естімеді.)»,- деп жазыпты Седов. Естеріңізде болса, Бейжіңдегі Олимпиада Володя үшін 4-ші орынмен аяқталды. Қанша жылдардағы сәтсіздік Владимирдың кеудесінде тас болып батқан секілді. Осы күнге дейін төрт дүркін Олимпиада чемпионы атанамын деген арманына «кедергі» болған жандарды тізбектеп айтып шыққысы-ақ келеді. Жанына батқан жараның осындай үлкен дауға айналатынын өзі де білмесе керек. Енді басы басталғаннан кейін не алға жүрерін, не шегінерін білмей дал болған секілді...

Владимир Седов ішінде қайнап жатқанын инстаграм арқылы жеткізбекші. Бүгін жазған постында: «Мен Ильяның командасынан кеткеннен кейін Алматы обылысының спорт басқармасы маған қолдау көрсетпеді. Көмек береміз деп, қол ұшын созбады. Тек спартакиададан кейін ғана көмек береміз деген болатын. Тек осы үшін мен спорттық мансабымды аяқтадым»,- деп жазыпты Седов. Кейінірек жазған постында: «Мен ҰОК мен ҰШКД-на өкпем жоқ. Олар маған қай кезде де қол ұшын созды. Иә, мен 2012 жылы командадан кетіп, Үштөбеде жаттыққан болатынмын. Қаржылай және басқа да көмек керек болды. Көзіме жас алып ҰШКД басшылығынан сұраған кездерім болды. Олар қолымды қайтармады. Менің оларға алғысым шексіз», - деп жазған. Седов өзін түсіне алмай және ішіндегісін өзгеге түсіндіре алмай жүрген сияқты. Бір жағынан айтатыны бар секілді көрінсе, екінші жағынан өзіне назар аударудың әрекеті болып көрінеді. Қолында тұрған Олимпиада «билетін» өз қолымен жыртып тастағаннан кейін не істерін білмей дал болған адамның қылығын еске түсіреді. Онымен өзі де келісетін секілді.

«Мен ешкімге кінә артпаймын. Қазақстан чемпионатында болған жағдай ол менің жылдар бойы ішімде сақтаған ашуымның салдары. Маған тек қана мүмкіндік бергенін қалаймын. Рио Олимпиадасында еліміздің намысын абыроймен қорғап шығатыныма сенемін», - депті. Сынарын сынап, айтарын айтып алған азамат бұл жазбаларының барлығы тек абайсыз аттаған қадамына деген өкініші десек те болар.

Өзіңді сақта, жүрегіңді сақта...

Седовтың Қазақстан құрамасының бас бапкері Алексей Ниге де өкпесі қара қазандай секілді. Инстаграмм желісіне жариялаған постында: «Мен Қазақстан құрамасының бас бапкері Алексей Ни мырзаға сұрағым бар. Неге мен Олимпиадаға баратын құрамамен жаттыға алмаймын? Олимпиадаға жолдама алғаныма қарамастан Азия чемпионатынан кейін де мені құрамамен бірге жаттығуға жібемедіңіз. Неге екенін сұрағанымда бірнеше адам қарсы деп немесе сұраққа жауап бермей бұлтарып жүрдіңіз», - деп жазыпты. Шынымен Седовқа психологиялық қысым көрсетілген бе? Балалар үйінде өскен Владимир қиыншылық атаулыны көріп өскендіктен де қалжыңға көп бара қоймайды. Тұйық жігіттің жылдар бойы ішінде жиналған «жаман энергиясы» бір күнде сыртқа шықты. Әрине, тікелей эфирде Ильияның бас қарсыласы болған Ивановтың бейнесін жейдесіне жапсырып алып, осындай хабарлама жасағаны да жөн емес. «Болар елдің баласы бірін-бірі батыр дейді» демекші, Ильяның жағдайы ауыр кезінде үстінен төбелегендей осындай хабарлама жасауы жанға ауыр тиетіні рас. Бірақ Седовтың азаматтығы өз алдына. Әлеуметтік желідегі парақшасында «қылығы» үшін кешірім сұрады да. Алексей Ниге арнап: «Алексей Геннадьевич мырза, мен сіздің біліктілігіңіз бен стратег екеніңізді мойындаймын һәм құрметтеймін. Бірақ сіз менімен бірге ең құрғанда 2-3 ай бірге залда жұмыс жасамадыңыз. Менің жеңіс үшін неге бара алатынымды білмейсіз де. Қазақстан чемпионатында орын алған жағдай сіз айтқандай ашу-ыза емес, ол менің жан айқайым. Өзіңізге қараңыз. Сіз спортшыларыңыздың жеңіске жеткен сәтінде қандай күйде болатыныңызды көрдіңіз бе?», - деп жазыпты.

Седов не істерін білмей ала-сарсаң күйге түскен сияқты. Жұмбаққа толы жазбалар арқылы бізге не жеткізгісі келеді? Ильяның допинг қолданғанын ашық айта алмай жүр ме, әлде Федерация өкілдері оны ашық қыспаққа алғанын айтқысы келеді ме?

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или