Германия жеңіл атлетика Федерациясы ресейліктердің Олимпиадаға қатысуына қарсы

Der Spiegel журналына Германия жеңіл атлетика Федерациясының тарапынан ХОК-не ресейлік жеңіл атлетика шеберлерінің Олимпиадаға қатыспауын сұраған хаты жарияланды.

- Жақында болған нәтижелерге сүйенетін болсақ, ресейліктердің тарапынан әділ жарыс принципі сақталмаған. Бұл дегеніңіз Халықаралық Олимпиада комитеті ғана емес, спортшылар мен олимпиадалық идеалдардың да алданғанын білдіреді. Нәтиже тек біреу ғана. Олар Олимпиада ойындарынан шеттетілуі тиіс,- деп жазыпты Германия жеңіл атлетика Федерациясының президенті Клемен Прокоп.

2014 жылы ARD каналынан дүрбелең тудырған:  «Құпия допинг: Ресей қалай жеңіске жетіп жүр?» атты фильмның шыққанын білеміз. Ол фильмде Ресей жеңіл атлетика шеберлері бапкерлерінің нұсқауымен допинг қабылдайтыны жайлы айтылған.

Қазіргі күні спортшылардың сынамалары қайта тексеріліп жатыр. 2012 жылы өткен Олимпиада ойындарынан - 8, 2008 жылғы Олимпиада ойындарынан - 14 ресейлік спортшының допинг тексерісі оң нәтижені көрсетті. Ресейлік спортшылар бүгінгі күні Олимпиада ойындарынан шеттетілу қауіпінде тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или