Мария Шарапова теннистен екі жылға шеттетілді

Ресейлік теннисші Маря Шарапова антидопингтік ережелерді бұзғаны үшін екі жылға спорттан шеттетілді.

Наурыз айының басында Аустралия ашық чемпионаты барысында Марияның қанынан мельдоний табылған болатын. Оны Бүкіләлемдік антидопингтік агенттіктің талабы бойынша биылдан бастап қабылдауға болмайды.

Енді ресейлік теннисшінің биылғы Аустралия ашық чемпионатындағы нәтижесі есептен алынады, сол турнирде еншілеген жүлделі сыйақысы мен рейтингілік ұпайы қайтарылады.

Рио Олимпиадасына Ресей құрамасында Мария Шарапованың орнына Екатерина Макарова қатысады. Ал Мария өзі алдағы 21 күннің ішінде Спорттық арбитражды сотта бұл шешімді қайта қарайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или