Ильяның жағдайы белгісіз. Қыдырбаев пен Өтешовтың спорттық тағдыры шешіліп жатыр - О. Мустафин

Қазақстан ауыр атлетика Федерациясының бас хатшысы Омар Мустафин Ильин, Қыдырбаев пен Өтешовтың жағдайы жайлы айтып өтті.

«Илья Ильиннің қандай да бір қатаң жазаға кесілетіні жайлы Қазақстан ауыр атлетика Федерациясы хабар алмады. Ол қазір спорттық мансабын аяқтамаған спортшы. Жоспарға сай спорттық-жаттығу жұмыстарын жалғастырып жатыр. Ал Қыдырбаев пен Өтешовке келетін болсақ, нақты жаза әлі айтылмады. Қазір заңдық-құқықтық жұмыстар жүргізілуде. Біздің тарап спортшыларымыздың құқығын сақтау үшін көмек көрсетіп жатыр. Олар қазір өз бетінше жаттығу жұмыстарын жасап жүр. Бірақ қандай да бір спорттық жарыстарға қатысуына болмайды», - деп айтты О.Мустафин.

Тілшінің -«ХОК тарапынан біздің спортшыларымызға қатаң жаза үкім етіліп, біздің елдің құрамасынан лицензиямызды алуы мүмкін бе?»- деген сұрағына былай жауап берді:

«Жақсы сұрақ. 22-23 маусымда халықаралық ауыр атлетика Федерациясының жиыны өтеді. Сол жерде көп дүниенің беті ашылмақ. Біз ол жерде өзіміздің допингке қарсы екенімізді көрсетеміз. Біздің спорттан орын алған осы жағдайларды түп тамырымен жоюға бар күшімізді жұмсаймыз», - деп аяқтады Омар Мустафин.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или