Мықтылар ұмытылмайды. Нью-Йорк көшесіне Мұхаммед Әлидің аты берілді

Аты әлемге танымал америкалық мұсылман боксшы Мұхаммед Әлидің есімі осындай көшелердің біріне уақытша берілді.

«Бүгін біз қаламыздың қақ ортасындағы көшелердің біріне Мұхаммед Әлидің атын бердік. Бұл адам осындай құрметке лайықты. Оның атын, өзін бүкіл әлем құрметтейді», - деді Нью-Йорк мэрі Билл де Блазио жұрт алдында сөйлеген сөзінде.

Айта кету керек, АҚШ заңдарына сәйкес, адамның аты көшеге тұрақты түрде берілуі үшін бұл мәселені қалалық кеңес мақұлдап, қаулыға қала мэрі қол қоюы тиіс, деп хабарлайды The Telegraph. 33-ші Уэлс Стрит «Мэдисон Сквер Гарден» аренасының жанында орналасқан.

Бұл жерде Али 8 күрес жүргізген оның бірі ең танымал (8 наурыз 1971 жыл) Джо Фрейзером мен жұдырықтасқан болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или