Светлана Подобедова ел чемпионатында жас спортшыға есе жіберді

Ауыр атлетикадан 2012 жылғы Олимпиада чемпионы Светлана Подобедова Талдықорғанда өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында екінші орын алды.

75 кг дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Подобедова (жұлқа көтеру - 125, серіппе көтеру - 161) жалпы есепте 286 кг көтеріп, 1-орын алған Надежда Ногайдан 5 кг-ға жол берді. Жұлқа көтеруден 131, серіппе көтеруден 160 кг көтерген Надежда Ногай жалпы есепте 291 ұпай жинап, ел чемпионы атанды.

Ал үшінші орынға 240 кг көтерген Александра Аборнева (100+140) тұрақтады. 69 кг дейінгі салмақ дәрежесіндегі Олимпиада чемпионы Майя Манезаға да 2-орын бұйырды. Ол жалпы есепте 247 кг (110+137) көтерді. Бұл салмақ дәрежесінде 1-орынды Карина Горичева (120+141=261), ал үшінші орынды Майра Файзуллаева (90+125=215) иеленді.

75 кг дейінгі салмақ дәрежесінде бірінші орынды жалпы есепте 270 кг көтерген (120+150) Жазира Жаппарқұл иемденсе, 2-орын Раушан Мешітханова (95+106=201), ал 3-орын Нұрай Қасеналы (66+84=150) бұйырды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или