Допинг дауы, дүрбелең

Допинг дауы, дүрбелең

Ильин мен Чиншанлоның Пекин және Лондондағы сынамаларын қайта тексеру нәтижелері жайлы ақпарат. ҚР ҰОК-нің Лозаннадағы «Б» сынамаларын осы күндері өтіп жатқан қосымша тексеруі жайлы. Ауыр атлетика Федерациясының пікірі осы материалда.

Ауыр атлетика Федерациясы ақпаратты әлі нақтыламады

Бұл, ауыр атлетика Федерациясының «жүріп жатқан процесске қатысы жоқ» екені жайлы анықтамасы:

«Бүгінгі күні, ҚР ҰОК-нің айтуынша, 2008 жылы Пекинде өткен және 2012 жылы Лондонда өткен Олимпиада ойындарына қатысқан қазақстандық спортшылардың бес сынамасы Лондонда «Б» сынамаларының қосымша допинг-тексерістен өтіп жатыр. Ал, БАҚ таратқан әртүрлі деңгейдегі ақпараттарға келетін болсақ, Халықаралық Олимпиада комитетінің(ХОК), Халықаралық ауыр атлетика Комитетінің тарапынан біздің спортшыларды дисквалификация, қабылданған тәртіптік жаза, халықаралық жарыстардан алыстату жайлы қабылданған үкімдері Қазақстан ауыр атлетика Федерациясына түспеді.

Айта кету керек, Қазақстан ауыр атлетика Федерациясы дәл қазір бұл процесске араласпайды. Бұл процесске қазір тек Халықаралық Олимпиада Комитеті мен Ұлттық Олимпиада комитетінің ғана қатысы бар. Осыған байланысты тексерістің нәтижелерінің барлығы дерлік ҚР ҰОК-не келіп түседі. Ұлттық құраманың спортшыларының барлығы күнтізбеде белгіленген жоспар бойынша спорттық-жаттығу жұмыстарын жалғастырып жатыр. Қазір ҚР ҰОК-нің өкілдері Лозаннада(Швейцария) жүр. Ал басқа да ақпараттар мен тексеріс барысын бізге түскен бойда хабарлаймыз»,- деп жазылған хатта.

Жел болмаса шөптің басы қимылдайды

Кеше ғана ТАСС қытайлық БАҚ өкілдеріне сілтеме жасап, Зульфия Чиншанлоның сынмасы күдік тудырғаны жайлы ақпарат таратқан болатын. Ал бүгін Ұлттық олимпиада комитеті қазақстандық бес спортшының сынамасы Лондон мен Пекин ойындарының спортшыларын қайта тексеру қарамағында өтіп жатқан допинг-тексерісте күдік тудырғанын хабарлады. Бұл қайта тексеру «Родченков-гейт» дауынан кейін ХОК-нің бастауымен жүріп жатыр. 2008 жылғы Пекиндегі ойындардан 454, 2012 жылғы Лондон ойындарынан 265 сынама қайта тексерілді. Сонымен қатар, Бүкіләлемдік антидопингтік агенттік(БАДА) пен ХОК  Пекин мен Лондон ойындарындағы барлық жүлдегерлердің сынамаларын қайта тексеретіні жайлы ақпарат та жүріп өтті. БАДА мен ХОК кодекстері бойынша «Б» сынамасын ашқанға дейін спортшылардың есімі аталмайды. Бірақ ресейлік «14-тізімге» келетін болсақ, біздің уақыттағы спорттың саясатқа айналғаны мәлім, сондықтан ақпараттың сыртқа шыққаны – таңғалатын жағдай емес. Ресейлік Матч-ТВ ақпарат құралына «14-тізім» жайлы ақпарат келіп түскен. Оның ішінде Мария Абакумова мен Анна Чичерова да бар, сонғысы «Б» сынамасын ашуды 8-маусымға қалдырған. Әзірге барлық ақпарат нақтыланбады, ал кейбіреуі(Нижегородов пен Корнилов) ақталды да.  Олардың «Б-1» сынамасы кері нәтиже берген.  Бірақ бұндай жағдай көп кездесе бермейді.  «СЭ»-ге берген сұхбатында CAS төрешісі Виктор Березов – оның есінде бұндай жағдай тек бір рет қана болғанын айтты.  Лозаннадағы нәтиженің алдынғы нәтижемен сәйкес келмеуі өте сирек кездесетінін де айтты. Сондықтан біз көңіл қуантарлық нәтижені күтпеуімізге де болады. Бір жағынан үміт те бар. Бізге тек бес қазақстандықтың «Б» сынамаларының Лозаннадағы тексерістен кейінгі ресми хабарын күтеміз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или