ҚР ауыр атлетика федерациясы допинг дауына қатысты мәлімдеме жасады

ҚР ауыр атлетика федерациясы допинг дауына қатысты мәлімдеме жасады

Бүгінде спортшыларды тәртіптік жазаға тарту, я болмаса, жарыстардан шеттету бойынша ешқандай нұсқау түскен жоқ, деп хабарлайды Baq.kz.

Қазақстанның ауыр атлетика федерациясы қазіргі допинг дауы бойынша Ұлттық Олимпиада комитетінің жұмыс істеп жатқанын мәлімдеген. «Бұл процесстің тараптары – Халықаралық Олимпиада комитеті және Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада комитеті. Осыған байланысты зерттеулердің нәтижелері туралы барлық ақпарат Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитетіне түседі», - делінген ресми хабарламда. Осы орайда федерация сол спортшыларға қатысты қандай да бір тәртіптік жазаны қолдану, я болмаса, жарыстардан шеттету бойынша нұсқаудың берілмегенін мәлім етті. Қазақстан құрамасының барлық спортшылар тиісті жоспарға сәйкес, спорттық-жаттығу шараларына қатысып жүр.

Айта кетейік, бүгін Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада комитеті де өз мәлімдемесін жасады. Комитет Халықаралық Олимпиада комитетінің нұсқауымен 2008 жылғы Пекин Олимпиадасы мен 2012 жылғы Лондон Олимпиадасына қатысқан бес спортшының «А» допинг-тесті екінші рет тексерістен өткенін растады. Себебі спортшылар допинг пайдаланды деген күдік бар.

Қазіргі кезде Халықаралық Олимпиада комитеті мен Дүниежүзілік допингке қарсы агенттігінің ережелеріне сәйкес, «Б» сынамаларын қайта тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитетінің өкілдері Швейцарияның Лозанна қаласында жүр. Ол жерде «Б» допинг-тесттері қосымша зерттеуден өтпек. Аталған процедура құпия түрде жүргізіледі. Сол себепті нақты нәтиже шықпайынша, ешқандай ресми ақпарат жарияланбайды.

«Қосымша тестілеу рәсімдері аяқталып, зерттеудің ресми нәтижелері шыққанда Ұлттық Олимпиада комитеті осы мәселе бойынша комментарий беруге уәкілетті болады», - делінген комитеттің ресми мәлімдемесінде.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или