Біз білмейтін Бейбіт Шүменов

Біз білмейтін Бейбіт Шүменов

Екі салмақ дәрежесінде Әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ. Кәсіби боксты түсінетін адам үшін Бейбіт Шүменовтың не бары 19 кездесуде осындай шыңды бағындырғаны – өте жоғары жетістік.

Десек те, жерлесімізге әрбір жекпе-жек оңай келген жоқ. Бокс – таланттың тартысы емес, табанды еңбектің табысы.

Ол әрбір кездесуіне ерекше ден қойып дайындалды. Бір қызығы, қазақстандық боксшының жаттығуы немесе АҚШ-тағы өмірі жайында желіден ақпарат табу қиын. Мәселен, оның Мұхиттың ар жағында жүргеніне келесі жылы 10 жыл толады.

Күні кешегі жеңісі барша Қазақ елінің жұртын төбесін көкке жеткізді. Сондықтан біз Бейбіттің өзінен көп сауалға тұщымды жауап алғымыз келді.

-Бейбіт бірінші ауыр салмақта WBA тұжырымы бойынша Әлем чемпионы болуыңмен шын жүректен құттықтаймын. Жаңа салмақта чемпион екеніңді сезініп үлгердің бе?

-Рахмет. Əрине, жаңа салмақта жəне екі салмақта Əлем чемпионы болғаныма өте қуаныштымын. Бірақ көздеген мақсаттарыма əлi де жете қоймадым. Бағындырар ең биiк шыңдар әлі алда! Лебедевпен жекпе-жек өткізіп, оның WBA супер титулы мен IBF титулын тартып алып, бұйыртса, басқа да қалған WBC мен WBO тұжырымдамаларының чемпиондық белбеулерiн жеңіп алу – негізгі мақсатым. Осылай Көк Туымызды биiкке желбiретiп, елiмiздiң беделiн әрі қарай арттыра берсем деймiн.

-Джуниор Райттың әуселесі қалай екен?

-Мен қарсыласымның кім болатынын кездесу өтетін аптаның сейсенбісіне дейін білмедім. Білетінім, осы жылдың ақпан айынан бастап менімен жұдырықтасуға шыққысы келгенін жəне оның промоутері менің менеджеріме жұмыс істейтін промоутерлерге жекпе-жек өткізуге ұсыныс жасағанын сол сейсенбі күні естідім. Қарсыласым өте төзімді жəне қатты соққыны да жақсы көтеретiн мықты боксшы екен. Бiрақ кейіннен басына көп тиген жойқын соққыларды көтере алмай үш рет құлап тұрғаннан соң жаттықтырушылары сүлгi тастауға мәжбүр болды.

-Қазір АҚШ-тың қандай қаласында тұрып жатырсың? Онда жүргеніңе қанша уақыт болды?

-2007 жылдан бері Лас-Вегас қаласында тұрамын.

-Неліктен ол қалада тұрақтануға бел будың?

-Өйткені Лас-Вегас қаласы кәсіби бокстың астанасы болғандықтан сол қалада тұрып, жаттығуға шешім қабылдадым.

-Салмақ ауыстырғаның оң нәтиже бергенге ұқсайды? Соңғы кездесулерде өте ширақсың және соңғы раундтарда шаршамағаның байқалады? Бұл да осы салмақ ауыстырғаныңмен байланысты болар?

-Мен оған дейінгi жартылай ауыр салмақтағы соңғы кездесуiмде 26 келі тастауға мәжбүр болдым. Ол салмақты қуу кезеңi маған өте қиынға соқты. Өйткенi өзiмнiң табиғи салмағым 106 келі болатын. Жарысқа шыққан күні менің күшім де қалмай, жылдамдығым да бәсеңдеп, денемде су қалмай қатты қиналдым. Бірінші ауыр салмаққа ауысқалы бері бұрынғыдай денемді қинау деген жоқ. Жаңа салмақта өзімді өте ыңғайлы сезінемін.

-WBA басшысы Жильберто Мендоса ресейлік Лебедевпен арада келіссөз жүргізу үшін сіздерге 120 күн уақыт берді. Бұл ақпаратты естідің бе?

-Иә, естідім. Ол кісінің шешімімен келісемін. Мен дайынмын.

-WBA super, IBF тұжырымдары бойынша Денис Лебедев соңғы сұхбатында сенен әлдеқайда мықты екенін айтты. Бұл жайында не айтар едің?

-Ол жігіт көп сөйлей бергенше, кездесуiмiзге дұрыстап дайындалсын. Кiм мықты екенiн шаршы алаң көрсетедi!

-Күні кеше сенің салмағыңда WBC тұжырымының жаңа чемпионы пайда болды. Тони Бельюмен жұдырықтасуға қалай қарайсың?

-Мен ол жігітпен бірнеше жылдан бері жұдырықтасқым келіп жүр. Қажет болса, мен Англияға да барып кездесуге дайынмын.

-АҚШ-та өткен кездесулеріңе қазақстандықтар көп жинала ма? Жалпы Мұхиттың ар жағында сенің жанкүйерлерің кім?

-Жалпы біраз қазақстандық жанкүйерлер əр кездесуiме қолдауға келіп тұрады. Бірақ осы жолы естімегендіктен ешкім келе алмады.

-Қазір сені тәжірибелі кубалық Исмаэль Салас жаттықтырып жатқанын білеміз. Не үшін бұл маманға жүгіндің?

-Мен ол кісімен жұмыс істеп жүргеніме өте қуаныштымын. Өзім боксты бастағалы бері осындай маманмен жұмыс iстеудi армандап жүрген едім. Ол кісі кезінде əуесқой бокста 1992 жылдың Олимпиада чемпионы және кәсіби бокстың бірнеше дүркін Әлем чемпионы Джоель Касамаёрды және үш дүркін Олимпиада чемпионы, жеті дүркін Әлем чемпионы Феликс Савонды жаттықтырған. Кəсіпқой боксында Исмаэль Салас он жеті Əлем чемпионын шығарған. Ол кісіні Оңтүстік Америкада бокстың мамандары «профессор» деп атайды.

-Ең қиын әрі ауыр болған кездесуің қай қарсыласпен өтті?

-Менің 6-шы жекпе-жегім Монтелл Гриффинмен өтті. Ол кездесуде мен бірінші рет 12 раундтың бəрінде бокстасып шықтым. Төртінші раундтан кейін өте қатты шаршап қалдым. Қалай төрт раундтан кейін тағы сегіз раунд бокстасып шыққанымды өзім білмеймін. Тек намыспен жұдырықтасып əрең шыдадым.

-Чемпионның бір күні қалай өтеді? Қысқа ғана айтып кетсең?

-Жартылай ауыр салмақта бокстасып жүргенімде демалыссыз аптасына жеті күн жаттығатын едім. Бірінші ауыр салмаққа өткелі бері аптасына бес күн жаттығатын болдым. Екі күн демалыс.

-Елге қашан қайтасың?

-Шынымды айтсам, Қазақстанды қатты сағынамын. Сондықтан жылына 2-3 рет уақыт тауып жаттығуымды үзсем де елге мiндеттi түрде келiп тұрамын. Ал түбегейлi Отаныңа қашан ораласың деген сұрағыңызға мен алға қойған мақсаттарыма жетiп, үлкен биiктiктердi бағындырғаннан соң елге ораламын дер едім.

-Қазақстандағы жанкүйерлеріңе не айтар едің?

-Бүкіл еліміздегі және əлемдегі жанкүйерлерімнің, əкемнің, анамның, інімнің және туған туысқандарымның қолдауларына ризашылығымды білдіргім келеді. Мен өз жағымнан жаңа жеңістермен елімізді əлемге танытып, қуанта беруге барлық күшiмдi саламын!

-Сұхбатыңа рахмет. Сенің үлкен жеңістерің әлі де алда деп ойлаймыз.

Сұхбат авторы: Ғани ӨТЕПБАЙҰЛЫ,
("Хабар" арнасы)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или