Әйгілі боксшы Мохаммед Әли өмірден озды

Есімі аңызға айналған боксшы Мохаммед Әли 74 жасында Финикстегі ауруханалардың бірінде қайтыс болды.

Бұл туралы шетелдік БАҚ хабарлайды.

Мохаммед Әли осыдан бірнеше күн бұрын тыныс алу проблемасына байланысты Финикстегі ауруханалардың біріне жеткізілген еді. Дәрігерлер бірден әйгілі спортшының жағдайы өте нашар екенін айтқан болатын. Бүгін белгілі болғандай, Мохаммед Әли 74-жасында көз жұмды.

Естеріңізге сала кетсек, Мохаммед Әли 1960-шы жылғы Олимпиада чемпионы. Артынша, кәсіпқой боксқа ауысып, аса ауыр салмақ дәрежесінде абсолютті әлем чемпионы атағына қол жеткізген. 1999 жылы Әли «Ғасыр спортшысы» атанды. Ол кәсіби рингте 61 кездесу өткізіп, оның 56-да жеңіске жетті. 37 жекпе-жекті нокаутпен аяқтаған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или