Абель Санчес: «Қазіргі мақсатымыз – WBО белбеуі»

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес шәкіртінің басты мақсаты орта салмақ дәрежесінде абсолютті әлем чемпионы атану екенін айтты.

— Бокс жанкүйерлері, Головкиннің аса қауіпті боксшыға қарсы кездесуін әлі күнге дейін көре алмауда. Геннадий көптеген жұлдызды боксшылармен спарринг өткізген. Бәлкім солардың біреуі оған төтеп бере алды?

— Жоқ. Мұндай боксшыны залда көрген емеспін. Головкинге төтеп бере алатын боксшыны жаттығуда емес, кездесуде көреміз деген ойдамын. Менің ойымша, Головкин екінші орта салмақ дәрежесінде бұдан да мықты болады. Себебі, оның қарсыластары баяу қимылдай бастайды, ал Геннадийге дәл соққылар жасау үшін бұл жақсы. Бірақ 168 фунтта Генаны ұтатын боксшы бар деп ойламаймын. Қазіргі мақсатымыз – орта салмақ дәрежесіндегі барлық төрт белбеуді жинау (әзірге қазақстандық боксшыға WBO белбеуі жетіспеуде), - деді Абель Санчес.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или