Кәсіпқой боксшыларға Олимпиада ойындарына қатысуға рұқсат етілді

Кәсіпқой боксшыларға Олимпиада ойындарына қатысуға рұқсат етілді

Бүгін Лозаннада AIBA халықаралық бокс қауымдастығының кезектен тыс конгресінде ұйымның жарғысына түзету енгізу туралы шешім қабылданды. Оған сәйкес кәсіпқой боксшылардың әуесқой жарыстарға қатысуына шектеу алынып тасталады, деп хабарлайды BNews.kz.

Қазақстан бокс федерациясынан конгреске атқарушы директоры Бекжан Бектенов және ҚБФ халықаралық байланыс жөніндегі үйлестірушісі Динара Болатбекқызы қатысты. Сондай-ақ Азия бокс конфедерациясының президенті Серік Қонақбаев та отырыста бой көрсетті, деп мәлімдеді ҚБФ баспасөз қызметінен.

Кезектен тыс конгреске қатысқан және дауыс беру құқығына ие 88 ұлттық федерацияның 84-і, соның ішінде Қазақстан бокс федерациясы, шектеуді алып тастауды жақтап дауыс берді. 4 федерация қалыс қалған.

AIBA қауымдастағының 2013 жылы енгізілген ережелеріне сәйкес, кәсіпқой боксшылар ең кемі 15 жекпе-жек өткізгенде ғана Олимпиада ойындарына қатыса алады.

Бүгін енгізілген түзетулер кез келген кәсіпқой боксшыға жасына, тәжірибесі мен өткізген жекпе-жек санына қарамастан Олимпиадада бақ сынауға мүмкіндік береді.

Ұйым басшысының айтуынша, AIBA ұлттық федерациялардың шектеуді алып тастауға дауыс беруін құптайды. Себебі бұл AIBA қауымдастығына бокстың барлық түрімен – әуесқой қана емес, кәсіпқой боксты да басқаруға мүмкіндік береді.

Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада ойындарына кәсіпқой боксшылардың қатысуын қамтамасыз ету үшін AIBA 4-9 шілде аралығында Венесуэлада тағы бір APB/WSB іріктеу турнирін ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Додада биылғы Олимпиадаға 26 жолдама сарапқа салынады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или