Астанада алғаш рет стритболдан əлем чемпионаты басталды

1-5 маусым аралығында елордада алғаш рет стритболдан FIBA 3×3 U18 WORLD CHAMPIONSHIPS əлем чемпионаты өтеді. Жарысқа 30 елден 200-ге тарта спортшы қатысады, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.

ҚР ұлттық баскетбол федерациясының президенті Абай Алпамысов халықаралық дəрежедегі жарыстың өтуі елімізде стритболды дамыту үшін маңызды екенін атап өтті.

«Тəуелсіз қазақ тарихында стритболдан əлем чемпионаты алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Ұйымдастырушыларға ерекше ризашылығымды білдіремін. Елімізде аталмыш спорт түрін дамыту бойынша түрлі жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Соңғы 7 жылда елімізде 20-дан астам стритбол жарысы өткізілген», -деді ол.

Әлем чемпионатының тікелей трансляциясын Kazsport телеарнасы мен FIBA-ның Youtube-тегі ресми каналынан тамашалауға болады.

Матчтар жасөспірімдер мен қыздар арасында 4 топта өтеді. Египет, Бельгия, Нидерланд, Уругвай, Словения жасөспірімдері А тобында өнер көрсетеді. Ал Түркия, Қытай, Андорра, Аргентина жəне Грузия командалары В тобының құрамында бақ сынайды. Сондай-ақ Румыния, Индонезия, Италия жəна Катар ойыншыларымен бірге Қазақстан құрамасы С тобында ойнайды. Төртінші D тобының құрамына Венгрия, Бразилия, Жаңа Зеландия, Испания жəне Филиппин құрамалары кіріп отыр.

Қыздар командалары да 4 топта сынға түседі. Венгрия, Израиль, Чехия, Венесуэла мен Германия А тобында, Нидерланд, АҚШ, Италия, Польша жəне Қазақстан В тобында алаңға шықса, Андорра, Франция, Қытай, Тунис жəне БАƏ өкілдері С тобында, Түркия, Испания, Жаңа Зеландия, Египет жəне Гватемала қыздары D тобында сайысқа түседі.

Стриболдан əлем чемпионатының ұйымдастырушылары – Халықаралық баскетбол федерациясы (FIBA 3×3), Қазақстанның стритбол лигасы (SLK), ҚР Ұлттық баскетбол федерациясы.

BNews.kz сайтынан

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или