Универсиада нысандарының берілуі кыркүйек айына жоспарлануда

Қазіргі таңда 12 000 орындық мұз сарайы мен 3 000 орындық мұз аренасының әкімшілік ғимаратының, бассейні мен кіші аренасының құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды. 5000 орындық Атлеттер қалашығының құрылыс жұмыстары 70% орындалды.

Жарыстардың алдында барлық спорт нысандары халықаралық сертификаттау – гомологациядан өтетін болады, яғни, олардың әлемдік деңгейдегі жарыстарды қабылдау мүмкіндіктері тексеріледі. Бүгінгі күні «Сұңқар» шаңғы трамплиндерінің халықаралық кешені сертификаттаудан өтті. 2017 жылғы қысқы Универсиадаға дайындалу шеңберінде, Ойындарды өткізуге тартылған барлық спорт нысандарында 2016 жылдың күзінен бастап тестілік шаралар өтеді.

Халықаралық қысқы студенттік ойындардың нәтижелері бойынша екі көп функционалды – 12 мың және 3 мың көрерменге арналған мұз кешені Универсиада мұрасы бола отырып, Қазақстанның алдыңғы қатарлы спорттық құрылымдарына айналады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или