Қазақ күресінен халықаралық жарыс өтті

Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданында қазақ күресінен Ырғызбай Досқанаұлы атындағы Халықаралық Гран при жүлдесі үшін жарыс өтті.

Осымен төртінші рет ұйымдастырылып отырған бәсекеде әлемнің 22 елінің балуандары боз кілемде белдесті. Олардың қатарында Германия, Белгия, Корея, Чехия, Польша, Қытай және Монғолия елдерінің спортшылары бар. Биыл дәстүрлі турнирге қатысатын спортшылармен қоса, туристердің де саны өткен жылғыдан екі есеге көп. Дүбірлі додаға келген 80 палуанның қай-қайсысы болмасын түрлі жарыстарда жүлде алған, әлем және олимпиада чемпиондары, құрлықтық бәскелердің бәрінде алдыңғы қатардан көрінгендер.

Бәсекенің бас жүлдесі мен Түйе палуан атағын Беларусь елінен келген Александр Вахабер қажығасына байласа, жеңіл салмақтағы Өгіз палуан атағын шымкенттік Ерсұлтан Мұзафаров иеленді. Келесі жылы әлем Кубогін Ақсуатта өткізу жоспарланып отыр.

«Бұл палуандардың арасында самбо, дзюдо, басқа да ұлттық спорт түрлерінің палуандары бар. Барлығы қазақ күресінің ережелерін біліп, оны үйреніп, жақсы әдіс-айла қолданып, жанкүйерлер көңілінен шығып жатыр», - дейді грек-рим күресінен әлем чемпионы Дәулет Тұрлыханов.

Дереккөз: kazakh-tv.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или