Қызылордалық самбошылар Азия чемпионатында 5 медаль иеленді

Түркіменстанның Ашхабад қаласында самбодан жасөспірімдер, жастар және ересектер арасында өткен Азия чемпионатында жерлестеріміз 5 медальды иеленді. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Сыр елінен 5 спортшы барып, бесеуі де жүлделі орындарға ие болды.

Ересектер арасында 100 келі салмақта өнер көрсеткен қармақшылық Мақсат Исақабылов пен жастар арасында 68 келіде №1 облыстық олимпиадалық резерв мектебінен Жания Махмудова Азия чемпионы атанып, еліміздің Әнұранын шырқатты.

Жасөспірімдер арасында сынға түскен қармақшылық Дамир Әбдеков 60 келіде күміс жүлдеге қол жеткізсе, 75 келіде Ләйлә Арыстанбек (№1 ОРМБЖМ) үшінші орынды еншіледі. Ал әйелдер арасында 56 келіде қазалылық Жансая Мұрат Азия чемпионатының қола жүлдесіне иеленді.

Енді жерлестеріміз қазан айында Румынияда (жасөспірімдер, жастар арасында), қараша айында Болгарияда (ересектер, әйелдер арасында) өтетін Әлем чемпионатына қатысады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или