«Альварес-Головкин». Қанша күтуге болады?

«Альварес-Головкин». Қанша күтуге болады?

ProsportKZ.kz тілшісі барша бокс әлемі аңсап жүрген мексикалық Сауль Альварес пен қазақстандық Геннадий Головкин арасындағы жекпе-жектің неліктен болмайтынын анықтап көрді.

«Әлі емес»

Альварес-Головкин кездесуі бокс сарапшылардың пікірі бойынша, биылғы маусымның «жыл айқасы» болуы тиіс еді. Бірақ бұл кездесудің өтуіне кедергі болып жатқан бірнеше тұлғалар бар – ең негізгісі «Канелоның» промоутері Оскар де ла Хойя. Бұған басты себеп, Альварес - Golden Boy промоутерлік компаниясының басты қаржы көзі. Демек, Оскар де ла Хойя өз шәкіртінің жеңілісін көргісі келмегендіктен Головкинмен жекпе-жекті ұйымдастыруға қорқады. Сондықтан да бұл кездесуді ұйымдастыру жайлы келіссөздер әлі де жалғасуда. Альварестің WBC белбеуін өз еркімен Головкинге бере салуы да Де ла Хойяның ісі. Бұрында белгілі боксшы, қазір танымал промоутер Оскар өз ісінің нағыз шебері. Ешкімге танымал емес «Канелодан» нағыз бокс жұлдызын жасау – өте үлкен жетістік. Флойд Мэйвезер мен Мэнни Пакьяоның бокстан кетуіне байланысты Сауль Альварес қазіргі таңда көп қаржы әкелетін, нағыз бокс жұлдызына айналды. Оның әрбір кездесуі pay-per-view көрсетілім арқылы жүргізіледі. Ал әр кездесуіне кем дегенде 20 мың жанкүйер жиналады. Альварес – мексикалықтардың батыры. «Канело» өз мансабында бірнеше атақты боксшыларды жеңген. Ал жалғыз жеңілісі – Флойд Мэйвезерден. Бұл кездесу қаржылық тұрғыда қос боксшыға сұмдық табыс әкелді. Содан бері, Альварес ешкімнен ұтылмай келеді. Өзінің әр жекпе-жегінде кем дегенде 10 миллион доллар жалақы алатын Сауль көбінде өзінен «кіші» боксшылармен жұдырықтасуда.

«Мен асықпаймын»

Ең басты сұрақ: Альварес-Головкин кездесуі қашан өтеді? Нақты жауап – биыл емес. Бәлкім, келесі жылы... Егерде Головкин супер орта салмақ дәрежесіне көтерілмесе. Оскар де ла Хойяның жоспары бойынша, алдымен Альварес Головкинге дайындық барысында Лемье, Росадо сынды екі-үш боксшыны жеңуі қажет. Ондағы мақсат, Саульдің 72 келі салмақ дәрежесіне ақырындап үйренуі. Әзірге, «Канело» ешқай салмақ дәрежесіне жатпайтын, өзінің «70 келі» салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп жүр. Головкинді де бұл салмақта жұдырықтасуға шақырған. Гена болса келіспеген болатын, бірақ «иә» десе де, Альварестің командасы басқа сылтау табатыны анық. Жалпы, Альварестің өзі Головкинмен кездесуге дайын, себебі мексикалық боксшы ешқашан ауыр қарсыластарынан қашқан емес - кубалық Ларамен кездесу бұған дәлел. Сауль оны осы биікке көтерген Оскар де ла Хойяны құрметтеген соң, оның айтқанын орындауда. Егерде, Оскар бұл жекпе-жек тиімсіз десе, «Канело» келісуге мәжбүр. Бокста қазір боксшы емес, промоутер мен менеджерлері көп мәселені шешеді. Оскар Де ла Хойя өзінің сұхбатында «Альварес-Головкин кездесуі әлі толық «пыспаған», әлі де уақыт қажет» деп айтқан болатын. Сол сөздеріне сүйене отырып, бұл жекпе-жек тек 2017-ші жылы, ары кетсе 2018 жылы ұйымдастыралатынын түсінуге болады. Әрине, Альварес ешқайда асықпайды. Оның жасы тек 25-те. Ал Головкин үшін әрбір жыл алтынға тең. Бұл тұрғыда Альварестің командасы өте қолайлы шешім қабылдады. WBC белбеуін бере салды, енді олар Головкинге ештеңе қарыз емес. Яғни, жекпе-жекті де ұйымдастыруға міндетті емес. «Канелоның» командасы үшін де керегі осы. Әрине, бұдан жеңілетін бокс жанкүйерлері. Қазіргі кәсіпқой бокс осындай. Бес жылдан астам уақыт бойы Мэйвезер-Пакьяо жекпе-жегін күткен бокс жанкүйерлері бұған да келіседі. Амал қанша, Головкиннің мықтылығы соншалықты, боксшылар өз еркімен белбеуін беріп, қаржылық тұрғыда қолайлы жекпе-жек болса да, кездесуден қашуды жөн көреді.

Дайындаған: Қайсар ОҚАС

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или