Головкин: «Мейвезермен кездесу үшін салмағымды 70 келіге дейін түсіре аламын»

Головкин: «Мейвезермен кездесу үшін салмағымды 70 келіге дейін түсіре аламын»

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин Boxing News журналына берген сұхбатында басқа салмаққа ауысу талаптарын атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазір мен 160 фунтқа (72,574 кг, орта салмақ) көңіл бөліп отырмын. Үлкен жекпе-жек, әсіресе Мейвезермен жұдырықтасу үшін 154-155 фунтқа (69,85 кг, бірінші орта салмақ) дейін түсуге дайынмын. Сондай-ақ мен 168 фунтқа (76,203 кг, екінші орта салмақ) дейін көтерілуге дайынмын, бірақ ұлы чемпионмен жұдырықтасу үшін ғана. Алайда бұл салмақта өзіме лайықты қарсылас көріп отырған жоқпын.

168 фунт туралы сөз қозғағанда, біз бірінші кезекте кіші Хулио-Сесар Чавесті атаймыз - бұл үлкен PPV жекпе-жек болатын еді. Сондай-ақ Карл Фроч бар. Салмақты ауыстыру үшін бұл шынымен де маңызды жекпе-жек болуы тиіс, әйтпесе оның мәні болмайды. Маған үлкен жекпе-жектер қажет. Көтерілу сондай қиын емес, алайда 168 фунтта менімен жұдырықтасуға ешкім келіспейді. Егер бұл салмаққа көтерілген жағдайда, кейін орташа дивизионға қайтып оралғым келеді», - деді Головкин.

Геннадий Головкиннің рингке қыркүйек айында қайтып оралатыны күтіліп отыр. Оның әлеуетті қарсыластарының шорт-парақшасына Дэниел Джейкобс, кіші Крис Юбенк, Хильберто Рамирес, Эрисланди Лара және  Билли Джо Сондерс кіріп отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или