Ронни Шилдс: «Лара Головкинмен жекпе-жек үшін салмақ қосуға дайын»

Бірінші орта салмақ дәрежесінде WBA чемпионы кубалық боксшы Эрисланди Лара (23-2-2, 13 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (35-0, 32 КО) жұдырықтасуға ниетті, деп хабарлайды sportarena.com.

Кубалық боксшының бапкері Ронни Шилдстің айтуынша, Головкин Эрисланди Ларамен кездесуге асықпайды.

«Ларамен жұдырықтасу өте ауыр. Оның бокстасу стилі қарсылас үшін өте ыңғайсыз. Головкин өзін мықты санаса, онда неге Ларамен кездеспейді? Мықтылар тек мықтылармен жұдырықтасу қажет. Лара бұл жекпе-жек үшін салмақ қосуға дайын», - деді Шилдс BoxingScene басылымына.

Естеріңізге сала кетсек, өткен аптада Лара Ванес Мартиросянға қарсы кездесуде өз чемпиондық атағын қорғаған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или