Андрей Голубев Виченцеде топ жарды
<p style="text-align: justify;">
<strong>Андрей Голубев Италияның Виченце қаласында өтіп жатқан «Челленджер» турнирінің жұптық сайысында жеңімпаз атанды. </strong></p>
<p style="text-align: justify;">
Қазақстандық теннисші мен хорватиялық Никола Мектич дуэті жұптық сайыстың финалында португалиялық Гастао Элиас пен бразилиялық Фабрицио Неис дуэтін қапы қалдырды - 6:3, 6:3. </p>
<p style="text-align: justify;">
Осылайша, Голубев биылғы маусымдағы үшінші жеңісіне қол жеткізді. Бұның алдында Андрей Австралия мен Швецияда топ жарған болатын. </p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или