Астанада Олимпиада күні аталып өтті

Бүгін Астананың оратылық саябағында қала тұрғындары мен қонақтары Халықаралық олимпиада күнін мерекелеуге қатысты, деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.

Олимпиада күні Халықаралық олимпиада комитетінің бастамасымен жыл сайын барша әлемде аталып өтіледі, бірнеше жылдан бері спорттық мереке елордада да тойланып келеді. Биыл ұйымдастырушылар шараның форматын өзгертіп, болашақ чемпиондар – балаларға баса назар аударды.

- Бүгінде акция барша Қазақстан бойынша өтіп жатыр. Астанада Олимпиада күнін мерекелеу кезінде балаларға, оларды белсенділікке, уақытын тиімді өткізуге – спортпен шұғылдануға тартуға басымдық берілді, оларға чемпиондардың, спорт ардагерлерінің жарыстарға қатысатынын көрсеттік. Шара осындай форматта – балаларға арналған мереке түрінде алғаш рет өтіп жатыр, - деді Ұлттық олимпиада комитетінің атқарушы директоры Серік Қасқабасов.

Қала тұрғындары спорт пен белсенді өмір салты мерекесінде 60 және 100 метр қашықтыққа жүгіруге қатысты. Сонымен қатар, парк аумағында арқан тарту мен бел темірге тартылудан да жарыстар өткізілді. Ең кішкентай спорт әуесқойлары олимпиада тақырыбында суреттер салып, сайысты.

- Елордада осындай жақсы спорттық жарыстардың өткізілетініне қуаныштымыз. Бұл ересектер мен балаларға жексенбілік күнді пайдалы өткізуге, сондай-ақ, кішкентай астаналықтарға спортпен шұғылданудың қаншалықты маңызды екендігін көрсетуге мүмкіндік береді, - деді елорда тұрғыны Татьяна.

Белгілі спортшылар Серік Сәпиев, Асхат Жіткеев, Юрий Мельниченко және т.б. атаулы шараның қонақтары болды. Бүгінгі жексенбілік күннің тағы да бір ерекшелігі тілектер қалдыруға арналған қабырға болды. Қаланың әрбір тұрғыны Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада ойындарында Қазақстанның намысын қорғайтын спортшыларды қолдауға арналған тілектерін жазды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или