Астанада стритболдан Әлем чемпионаты өтеді

1-5 маусым аралығында Астанада көше баскетболы немесе стритболдан Әлем чемпионаты (FIBA 3х3 U18 World Championships) өтеді. Турнирге әлемнің 30 елінен 200-ден астам спортшы және Қазақстан командасы қатысады.

Турнир «Астана Опера» театры ғимаратының жанындағы алаңда өтеді. Ал алаң сыртында киіз үйлер тігіліп, ұлттық тағамдар ұсынылады.

Жарысты 30 мыңнан астам көрермен тамашалайды деп күтілуде. Матчтардың тікелей трансляциясын «KazSport» телеарнасынан және FIBA-ның Youtube-гі ресми каналынан көруге болады.

Ұлттық баскетбол федерациясының президенті Абай Алпамысовтың сөзіне қарағанда, Қазақстан тарапы екі команда даярлап отыр.

Ел құрамасы Румыния, Индонезия, Италия және Қатар командаларымен «С» тобында күш сынасатын болады. Ал қыздар «В» тобында Нидерланды, АҚШ, Италия, Польша командаларымен кездеседі.

ҚазАқпарат

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или