Крис Юбэнк: «Головкиннің қорғанысы әлсіз»
<p style="text-align: justify;">
<strong>Орта салмақ дәрежесінде WBA тұжырымы бойынша уақытша әлем чемпионы британиялық боксшы Крис Юбэнк қазақстандық Геннадий Головкиннің қорғанысы әлсіз екенін айтты. </strong></p>
<p style="text-align: justify;">
«Геннадий Головкиннің жұдырықтасу стилін ұзақ уақыт бойы бақыладым. Оның қорғанысы әлсіз. Ең бастысы - мен одан қорықпаймын. Онымен шаршы алаңға шыққан боксшылардың бәрі кездесу алдында-ақ жеңілген болатын. Мен болсам оның әлсіз тұстарын білемін. Головкиннің жылдамдығы жоқ, оған соққы жасау өте жеңіл. Иә, оның соққысы жойқын, бірақ мені жеңу үшін бұл жеткіліксіз».</p>
<p style="text-align: justify;">
«Эдди Херн маған Головкинмен жекпе-жек ұйымдастыру жайлы келіссөздер жақсы жүріп жатқанын айтты. Біз бұл кездесуді биылғы жылдың соңында ұйымдастыруға ниеттіміз. Есесіне бұл жекпе-жекті АҚШ-та емес, Англияда ұйымдастырған жөн. Себебі қаржылық тұрғыда бұл тиімдірек», — деді Крис Юбэнк. </p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или