Геннадий Головкин: «Менде WBC белбеуі болғанына өте қуаныштымын»

Қазақстандық Геннадий Головкин WBC чемпионы титулын алғанына қуанышты екенін мәлім етті.

«Менде WBC белбеуі болғанына өте қуаныштымын», - деп жазды Головкин Интаграмдағы парақшасында.

Ол өзінің келесі жекпе-жегін қыркүйек айында өткізеді, дегенмен қарсыластың есімі әлі белгілі болған жоқ. Мүмкін қарсылас ретінде америкалық Дэниел Джейкобс, мексикалық Хильберто Рамирес, ағылшын боксшысы Крис Юбенк-кіші және кубалық Эрисланди Лара сынды боксшылар айтылады. Қазақстандықтың өзі мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен жекпе-жекке шыққысы келетінін бірнеше мәрте мәлімдеген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или