«Cұңқар» трамплин кешені халықаралық сертификациядан өтті

«Cұңқар» трамплин кешені халықаралық сертификациядан өтті

Халықаралық шаңғы спорты ассоциациясы (FIS) «Cұңқар» халықаралық трамплиндер кешенінің әлемдік деңгейлі жарыстарды өткізуде барлық техникалық талаптарға сай деп таныды.

Тиісті сертификат 5 жылға, 2020 жылдың 31-ші желтоқсанына дейін жарамды.

«Өткен жылдың соңында бізге FIS-тің техникалық делегаттары келіп, инспекциялық етті. Нәтижесінде олар, жоғарғы деңгейлі халықаралық деңгейдегі жарыстарды өткізе алатынын растады. Бізге 5 жылға жарамды сертификат табыстады. Ендігәрі біздер, аталған спорт кешенін барлық техникалық талаптарға сай екенін толықтай сеніммен айта аламыз. Және де біздер, Универсиаданы өткізуге дайынбыз деп айта аламын»,-деді «Cұңқар» халықаралық трамплиндер кешенінің директоры – Руслан Қаңтарбаев.

Спорт нысанының директоры жақында «Cұңқар» кешенінің трамплиннен секіруден Әлем кубогының кезеңін өткізгенін тілге тиек етіп, аталған жарыстың Универсиадаға тестілік дайындық болғанын атап өтті.

«Ақпан айының соңында Алматыға тұғырдан секірушілердің әлемдік элиталары келді. Жарыс аяқталған соң, трамплиннен секіруден Әлем кубогының директоры Вальтер Хофер cайыстың ұйымдастырылуына оң бағасын берді. Аталған жарысты өткізу арқылы, Универсиадаға сақадай дайын екенімізді аңғардық», – деді Руслан Қаңтарбаев.

Айта кету керек, 2017 жылдың 29 қаңтары мен 8-ші ақпан аралығында Алматыда 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиада ойындары өтеді. Сайыстар 12 спорт түрінен 8 нысанда өтеді.

«Сұңқар» ХТК 2010 жылы, 7-ші қысқы Азия ойындарына арналып салынды. Жалпы аумағы:15 га. 2015 жылы аталған кешеннің қасынан аумағы 81 га құрайтын шаңғы стадионы салынды. Қысқы Универсиада кезінде бұл нысанда трамплиннен секіруден және шаңғы қоссайысынан сайыстар өткізіледі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или