Айза Имамбек: «Универсиадаға қатысу мен үшін мәртебе»

Айза Имамбек — 2017 жылы өтетін 28-ші бүкіләлемдік қысқы Универсиадаға қатысуға дайындалып жатқан спортшыларымыздың бірі. 11-сыныпты енді ғана бітіріп жатқан Айза, қыркүйекте студент атанады. Яғни, Универсиадаға толықтай қатыса алады деген сөз. Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстанның 4 дүркін чемпионы Универсиаданың ресми сайтына сұхбат берді.

-Айза, сені Универсиадаға қатысады деп естіп жатырмыз? Рас па?

– Ия, Универсиадаға қатысатыным жайлы осы жақында ғана білдім. Студенттер жарысында менің ғана жасым сай келгендіктен шығар деп ойлаймын. Бұл мүмкіндікті құр жібермеуге тырысамын. Универсиада беделді жарыс қой. Сол сайыста жүлдегер атанып жатсаң, тіпті керемет деп есептеймін.

-Универсиадаға дайындық қалай? Қай жерде, қалай дайындалып жатырсың?

-Қазір маған мықты бапкер, дайындалатын «мұз» іздестіріп жатырмыз. Бұйырса, күн сайын шеберлігімді шыңдап, жаттығатын боламын.

-АҚШ немесе Ресейге барып, жаттығу өткізу жоспарда бар ма?

-Әрине, ол жерге барып жаттықсаң, тіпті керемет қой. Негізі мәнерлеп сырғанау сіз айтып отырған АҚШ пен Ресейде жақсы дамыған. Ол жақта жаттығу жасап, биік деңгейге шығуға болады. Сондықтан аталған елдерге жолым түсіп жатса, тек қуанар едім.

-Ал қазір қай жерде жаттығып жүрсің?

-Қазір мен Алматыда, «Балуан Шолақ», «Олимпик», «Luxor» «мұздарында» жаттығу жасап жүрмін. Бұл мұздардың да сапасы жаман емес. Жоғарғы деңгейде дайындық жасауға болады.

-Универсиадаға дейін қандай жарыстарға қатысасың?

-Қазақстан чемпионаты, одан кейін жасөспірімдер арасындағы халықаралық жарыстар мен Гран-Придің екі кезеңіне қатыспақпын.

-Алматыда өтетін Универсиада жайлы не айтасың?

-Алматыда осындай деңгейдегі жарыстардың өтетіні біз үшін өте жақсы. Жас спортшылар өз елінде, жоғарғы деңгейдегі жарыстарға қатысып, одан үлкен тәжірибе жинайды. Қысқы спорт түрлерінің елімізде дамуына көп ықпал етеді. Мәнерлеп сырғанау спорты болсын, басқа спорт түрлері болсын жеткіншектер арасында қызығушылықты оятады деп есептеймін. Универсиаданы асыға күтіп жүрмін. Елімнің намысын абыроймен қорғап, биіктен көрінгім келеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или