Азия Олимпиадалық кеңесі Орталық Азия аймағы елдерінің Бас Ассамблеясы өтті

Астанада тұңғыш рет Азия Олимпиадалық кеңесі Орталық Азия аймағы елдерінің Бас Ассамблеясы өтті, деп хабарлайды ҚР күрес федерациясының баспасөз қызметі.

Оның жұмысына Қазақстан Республикасы ұлттық Олимпиадалық комитетінің Президенті Тимур Құлыбаев, Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Тәжікстан, Түрікменстан, Ауғанстан, Иран және Қырғызстан елдерінің Ұлттық Олимпиадалық комитетінің өкілдері қатысты.

Ассамблея барысында Азия Олимпиадалық кеңесінің Президенті Шейх Ахмад аль-Фахад аль-Сабахтың делегаттарға жолдаған хаты оқылды. Бас Ассамблея кезінде Азия Олимпиадалық кеңесі Орталық Азия аймағы елдерінің Қазақстандағы қысқы спорт түрлері базаларын бірлесіп пайдалану мәселелері қаралды. Сондай-ақ, жиынға қатысушылар Орталық Азия аймағындағы елдердің Ұлттық Олимпиадалық комитеттерінің қызметтері туралы айтып берді.

Кездесудің қорытындысы бойынша аталған елдердің Ұлттық Олимпиадалық комитеттері Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетімен өзара ынтымақтастық және байланыс жөніндегі меморандумға қол қойды.

Бас Ассамблеяға қатысушылар олимпиадалық қозғалысты Орталық Азия аймағында дамытып, Азия Олимпиадалық Кеңесі жұмысына белсенді араласу мәселелерін де талқылады.

Естеріңізге сала кетейік, өткен айда Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетінің Президенті Тимур Құлыбаев атқарушы комитетінің шешімімен Азия Олимпиадалық кеңесінің вице- президенті болып тағайындалған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или