«Астана Арландары» үшін WSB маусымы аяқталды

WSB жартылай финалының екінші күнінде «Astana Arlans» «British Lionhearts» командасына 1:4 есебімен жол берді.

Азамат Исақұлов (52 кг) Корюн Согомоняннан жеңіліп қалды — 0:3 (47:48, 47:48, 47:48), Закир Сафиуллин (60 кг) болса, Люк Маккормэкке қарсылық көрсете алмады — 0:3 (46:49, 46:49, 46:49). Ал Асланбек Шымбергенов (69 кг) Джощуа Келлиді жеңіп, есеп айырмасын қысқартқан — 2:1 (47:48, 50:45, 50:45). Бірақ қалған қос боксшымыз өз жекпе-жектерінде жеңіліп қалды. Нұрдәулет Жарманов (81 кг) Радослав Димитров Панталеевке есе жіберсе — 0:3 (47:48, 47:48, 47:48), Қамшыбек Құнқабаев (+91 кг) Фрэйзер Кларктан ұтылып қалды — 0:2 (46:49, 47:47, 47:48).

Осылайша, екі күннің қорытындысы бойынша «Астана Арландары» британиялықтарға 3:7 есебімен жол берді. Финалда «British Lionhearts» «Cuba Domadores» командасымен күш сынасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или