Астанада стритболдан Қазақстан құрамасы таныстырылды

Бүгін елордада әйелдер арасындағы бокстан әлем біріншілігі аяқталады. Қазіргі кезде тағы да бір дүбірлі додаға дайындық қарқынды жүріп жатыр. Санаулы күндерден кейін Астанада стритболдан FIBA 3х3 U18 Әлем чемпионаты басталады. Дүние жүзіндегі ең мықты көше баскетболшыларымен күш сынасатын Қазақстан құрамасы мүшелерінің есімдері анықталды.

Командаға Камал Әубәкіров, Артем Парфенов, Бақтияр Намазбаев, Ільяс Жүнісов енді. Әйелдер құрамасында Мәдина Байбөлекова, Райля Мүбаракова, Луиза Зукова және Карина Оленберг ойнайды. Олар жаттығу кезінде өз шеберліктерін көрсетті. Енді спортшылар өз алаңында өтетін әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын болады. Қазақстанның ерлер құрамасы Румыния, Индонезия, Италия және Катар командаларымен ойнаса, қыздар командасы Нидерланды, АҚШ, Италия және Польша спортшыларымен сынға түседі.

Жастардың бапкері Дэмиан Лонгтың айтуынша, спортшылар бір жыл бойы бірге жаттыққан. Олар жақсы дайындалып, өзіндік стиль жасап шығарды.

- Біз Алматыда дайындалдық, бірнеше турнирге қатыстық, ал екі апта бұрын Голландиядан мол тәжірибе жинап келдік. Не боларын уақыт көрсетеді. Жарысқа түрлі мемлекеттердің құрамалары жиналады, әлсіздер болмайды, - деді ол.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или